С. Мәуленов «Бәрі-бәрі жұмыста»

Уроки
Стихотворение С. Мәуленова «Бәрі-бәрі жұмыста» — это готовый материал для открытого урока о профессиях и важности труда. Конспект подходит для занятий в детском саду, подготовительном классе или малокомплектной школе. Урок раскрывает ценность разных профессий, формирует уважение к труду и расширяет кругозор детей. Практические задания и беседы по произведению помогают закрепить тему. Используйте этот качественный план, чтобы провести содержательное и воспитательное занятие для дошкольников и младших школьников.
Абжатова Динара Шокановна
Абжатова Динара Шокановна
Содержимое публикации

132 ЖОББМ

Тақырыбы:

С.Мәуленов «Бәрі-бәрі жұмыста»

(ашық сабақ)

Топ:кіші «Құлыншақ»

Тәрбиеші:Абжатова Д.Ш.

2018-2019 оқу жылы

Бөлімі:

Сөйлеуді дамыту
Сабақтың тақырыбы: С.Мәуленов «Бәрі-бәрі жұмыста»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;
3. Білімділік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа дайындықты көріп шығу.

II. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Біз бақытты баламыз!

Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн, апайлар!


Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.
– Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
– Ата – аналарың, аға – апаларың, көршілерің қандай мамандық иелері? Соларды атап өтіңдер.

III. Жаңа сабақ. «Бәрі, бәрі жұмыста»(С.Мәуленов)

Атам менің күйші,

Апам менің биші

Асқан шебер жанұямда

Анам бар тігінші

Әкем болса ұста

Үй салады қыста

Өзім жалғыз үйде қалам

Бәрі,бәрі жұмыста.

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»

(Ойлау қабілетін дамытуға байланысты ойын). Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралын карточка қиықтарын біріктіру арқылы табады.

-Балалар, алдарыңызда карточкалар берілген. Сіздер әр мамандық иесіне тиесілі, қажет құралын тауып алуларыңыз қажет. Іске сәт! Бастаңыздар!

-Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді мен сендерге мамандық жайлы жұмбақтар жасырамын. Құлақ салып тыңдап отырамыз.
IV. Жұмбақтар:
1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
4) Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
5) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім? (Шекарашы)
6) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)

- Өте жақсы. Ал сіздер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандық иелері болуды армандайсыңдар? Сол туралы айтып беріңіздерші.
V. Тақпақтар:
1)Кенші (шахтёр Нұрасыл)или суретші:
Ел байлығын көбейткен,
Шахтёр болам есейсем.

2)Мұғалім (Әмина):
Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.
3)Дәрігер (Іңкәр):

Әжеме тіс саламын,

Көзіне әйнек тағамын.

Сондықтан да өскенде

Мен дәрігер боламын!
4)Шекарашы(Бүркіт):
Тыныштық күзетіп тұратын,
Шекарашы болып шығамын.
5)Аспазшы (Риза):
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.
6)Ғарышкер (Бауыржан):
Тоқтар, Талғат – нағыз ер,
Солардай болам – ғарышкер.

7)Ғарышкер (Жандос):

Мен ғарышкер боламын,

Жұлдызға ұшып барамын.

Жолын қуып атақты

Тоқтар сынды ағаның!

8)Құрылысшы (Ерсұлтан):
Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.

9)Тігінші (Гүлсезім):
Тігетін киім-кешекті,
Тігінші болам мен епті.

10)Электрик (Азиза):
Жарық еткен түніңді,
Электрик болам білімді.

VI. Бекіту.

Дидактикалық ойын: «Мамандық иесін тап»

-Ал енді балалар, үстел үстінде жұмыс жасайық. Ол үшін партада берілген мамандық иелеріне тиісті жұмыстар жанына сол мамандық иесінің суретін қою керек. Қане, кім бастайды?
(прищепкамен)


VIІ.Қорытынды:

-Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ?

-Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек. Еңбек етпеген адамдар жалқау, еріншек адамдар.

VIІІ. Балаларды бағалау.

-Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын.

-Балалар,сендер қандай маман иелер болсаңдар да, ол мамандықтың бәрі қажет, бәрі жақсы екенін ұмытпаңдар. Ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!

Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Также Вас может заинтересовать
Окружающий мир
Конспект занятия по окружающему миру для дошкольников «К защите Родины готовы: НОД-развлечение ко Дню защитника Отечества»
Окружающий мир
Окружающий мир
Презентации по окружающему миру для 1 класса «Презентация к уроку окружающего мира «Где зимуют птицы?»»
Окружающий мир
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь