Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.

Уроки
Барлық оқушылар: сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын түсінеді Оқушылардың басым бөлігі: Сутектiң физикалық, химилық касиеттерiн мен қолданылуын зерттейді. Кейбір оқушылар: Сутектiн колданылуын, тіршілік үшін маңызды екенін дәлелдейді.
Битабарова Хадиша Исабековна
Содержимое публикации

Ұзақ мерзімді жоспарлардың тарауы: Мектеп М.Мақатаев атындағы №47 жом

Күні: Мұғалімнің аты-жөні

Битабарова Хадиша Исабековна

Сынып:8 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.

2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

8.4.2.1 -сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі: Сутектiң физикалық, химилық касиеттерiн мен қолданылуын зерттейді.

Кейбір оқушылар: Сутектiн колданылуын, тіршілік үшін маңызды екенін дәлелдейді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, анықтау,қолдану

Бағалау критерий

Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттейді

Тілдік мақсаттары

Негізгі сөздік қор мен терминдер: Жаңғыш ауа, күркіреуік газ, химиялық элемент, жай зат, сутекті алу, орынбасу реакциясы, айырылу реакциясы.

Сутек – водород – hydrogen Жай зат - медленно - slow

Сыныптағы диалог

Талқылауға арналған тармақтар

Оқылым тыңдалым: Сутекті алу жолын туралы топқа түсіндіреді....

Оқылым жазылым:Оқулықтан мәтінді оқып термин сөздерді үш тілде дәптерге жазады

Оқылым айтылым:Сутек қайда қолданады,топта талқылайды

Жазылым бойыншапроблемалы сұрақ:

Не үшін сұйық сутек ғарыштық кемеге отын ретінде қолданылады?

Құндылықтарға баулу

Индустриаландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

ынтымақтастық,өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Физика-температураның әсері, биология-судың адам өміріне маңызы, сутектаусылмайтын табиғи қорға жатады.

Алдыңғы білім

7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

Ұйымдастыру.Сәлемдесу Психологиялық ахуал (сыныптың көңіл-күйіне байланысты)

Керемет Тамаша Орташа

Топтастыру.Элементтер сипаттамасы арқылы 2 топқа топтасады.

1.Салыстырмалы атомдық массасы 1-ге тең элемент

2.Валенттілігі І

3. ІІ валентті

4. Салыстырмалы атомдық массасы 16-ға тең элемент

5.І топта орналасқан

6. VIтопта орналасқан

«Сутек», «Оттек»,

Жеке жұмыс

Ширату жаттығулары:

«Иә» «Жоқ» ойыны

Сутек бейметалл

Н әрпімен белгіленеді

Су сутегi + оттегi.

Белсендi металл

Сутек период бойынша 1

Ынталандырушы сөздермен бағалау

Топтық жұмыс

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында«Миға шабуыл» ,«Жұмбақ шешу» әдісі арқылы тапсырма беріледі.

«Мені тап» ойыны.

1 топқа. Экологиялық таза отын, күн жүйесінде масса бойынша 1 орын алатын қандай элемент? (сутек)

2 топқа.

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын. (сутек)

3 топқа

1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

     Ғаламшарда  92 пайызбын.

     Бармын газбен көмір,мұнайда,

     Болашақта өзім отын бола алам.        (Сутек)

Бағалау.Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.«Бәрекелді, жарайсыңдар!»

Оқушылар пікірінен соң бүгінгі тақырып таныстырылып, сабақтың мақсатымен таныстырылады.

Сутек, Оттек суреттері

Смайлик

Үлестірме қағаздар

Сабақтың ортасы

10 мин

10мин

3 мин

Топтық жұмыс Мәтінмен жұмыс «Өкіл» әдісі. Әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Жіберілген өкілдер топтарына келіп, меңгеріп келген мәліметтерімен бөліседі.

1 – топ. Сутек және оның алынуы;

2 – топ. Физикалық қасиеті мен қолданылуы;

3 – топ. Химиялық қасиеттері

ҚБ топтық бағалау

Жеке жұмыс 1 тапсырма.Химиялық диктант

Қалыпты жағдайда сутек (иіссіз, түссіз) газ.

Сутек ауадан (жеңіл).

Сутектің (жылу өткізгіштігі ) өте жоғары.

Ол суда (нашар) ериді.

Сутектің таңбасы

Сутек молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы

Сутектің изотопы

Сутекті ашқан ғалым

Смайлик арқылы бағалау

2 тапсырма «Эксперимент» әдісі.

топтық жұмыс №2 практикалық жұмыс

Сутекті алу және оның қасиеттерін тану

Мақсаты: Сутекті алу және оның қасиеттерін зерттейді

Реактивтер:мырыш,тұз қышқылы

Құрал жабдықтар: газ жүретін түтік,сынауық,құйғы,спирт шам

Жұмыстың барысы:

1-тәжірибе.Мырыш пен тұз қышқылынан сутек алу

1.Суретте көрсетілген аспап құрастырыңдар

2.Сынауықты газ жүретін түтік арқылы суы бар кристаллизатордағы суға толтырылған сынауықпен жалғастырыңдар.

3.Сынауыққа мырыш салып,тығыны бар құйғымен жабыңдар.Аспаптың герметикалығын тексеріңдер.Сынауыққа құйғы арқылы тұз қышқылын құйыңдар.

Zn + 2НСl → ZnСl2 + Н2

2-тәжірибе.Сутекті анықтау.Сутек жиналған сынауықты жанып тұрған спиртшамға жақындатыңдар.Егер таза сутек жиналса «пах» еткен дыбыс шығады

3-тәжірибе.Газ жүретін түтіктен бөлініп жатқан сутекті кристаллизатордағы сабын ерітіндісі арқылы өткізіңдер.Сутек толған сабын көпіршіктерінің жоғары ұшқанын байқауға болады. Неліктен сутекті көпіршіктержоғары көтерілетінін түсіндеріңдер.Қорытынды жасаңдар

Не істелінді

Не бақыланды

Қорытынды

Дескриптор:

зертханада сутегі газын алуға болатын реагенттерді анықтайды;

− анықталған реагенттермен реакция теңдеуін жазады;

− сутек газын жинау және анықтау әдісін жазады; кестені толтырады

Мұғалім мадағы.

Жұптық жұмыс

3-тапсырма. Суреттер сөйлейді

Суретке қарай отырып, сутекті қайда қолданатынын жазыңыз.

Дескриптор:

сутек қайда қолданатынын анықтайды;

− сутектің қолданылу саласын жазады.

Стикер арқылы бағалау

Оқулық

Үлестірме қағаздар

Реактивтер,сынауық

Спиртшам,тұрғы,

колба

Суреттер

Кестелер

Сызбанұсқалар

Тест жауабтары

Сабақтың соңы

5 мин

2 мин

Жеке жұмыс

4-Тапсырма:

.  Тест тапсырмалары:

1.Сутектің химиялық таңбасы:

а) Н      ә) Не       б) Cu     в) Si                 

2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы   құрайды?

а)25%      ә)32%       б)24%           в)92%

3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?

а) Ломоносов          ә) Менделеев        б)Кавендиш                в) Лавуазье

4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:

а)түтінді газ               ә)су тудырушы       б)қопарғыш газ       в)су тасушы     

5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:

а)Электр тоғы арқылы                        ә)белсенді металдан

б)ауаны ығыстыру арқылы                в)айдау арқылы             

Дескриптор:

- сутектің химиялық таңбасын табады.

-сутекті кім ашқанын біледі.

-сутекті алу жолдарын біледі

Бағалау: « Бас бармақ»әдісі арқылы

Кері байланыс:

«Көз», «Құлақ», «Жүрек»

Оқушылар бүгінгі сабақта не көргендерін стикерге жазып көзге жапсырады.

Оқушылар бүгінгі сабақта не естігенің стикерге жазып құлаққа жапсырады.

Оқушылар бүгінгі сабақта нені жүрегіне түйді стикерге жазып жүрекке жапсырады.

Бағалау парақшаларын жинап алып, әр оқушының сабақты түсіну деңгейін анықтап, келесі сабақтарда қандай әдіс - тәсілдер қолдануым керектігін ойланамын.

Үй тапсырмасы: §25. Оқу. 6-тапсырма

1

А

2

В

3

Б

4

Ә

5

А


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз

Денсаулық және қауыпсіздік техникасын сақтау

А денгейі

1.Су ( Н2О) құрамындағы сутектің және оттектің массалық үлестерін табыңдар

2. Аммиак (NН3) сутектің массалық үлесін тап

В денгейі

Сызба нұсқа бойынша химиялық реакция теңдеулерін құрастыр

Н2Н2О

НCL

2H2H2S

CH4CO2

C деңгейі

1.Массасы 3,6г тұз қышқылымен әрекеттесетін мырыштың массасын және зат мөлшерін табыңдар.

2.0,5 моль сутегімен әрекеттесетін көміртектің (қ.ж) көлемін тап.

Өзара бағалау

Өзін-өзі бағалау

Топтық бағалау

Ынталандырушы сөздер

Бас бармақ

«Көз», «Құлақ», «Жүрек» әдісі арқылы кері байланыс

Зертханада және кабинетте тек пән мұғалімі бар кезде жұмыс жасау керек.Реактивтерді қолмен ұстауға,дәмін татып көруге болмайды.Кабинеттің ішіндегі құрал-жабдықтардың,тартпа шкафтың қызыметімен,қауіпсіздік .техникасының ережесімен танысып,оқып үйренген соң практикалық жұмыстарды орындауға болады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ бойы оқушылар белсеңді қатысты, материал жүйелі және түсінікті, сабақ мақсаттарына сай жоспарланған.

Сабақ жоспарланған да, яғни химияны түсінуге оқушыларды қалыптастыру, топтық жұмыста қабілетті оқушылар қалған оқушыларға тақырыпты терең түсінуіне көмектесу болатын. Сабақтың барлық кезеңдері жоспарлаған уақыт шеңберінде өтті, бірақ өзіндік жұмыстарда сәл артық уақыт жұмсалды.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Комментировать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ бесплатно!
Подробнее
Комментарии
Добавить
публикацию
После добавления публикации на сайт, в личном кабинете вы сможете скачать бесплатно свидетельство и справку о публикации в СМИ.
Cвидетельство о публикации сразу
Получите свидетельство бесплатно сразу после добавления публикации.
Подробнее
Свидетельство за распространение педагогического опыта
Опубликует не менее 15 материалов и скачайте бесплатно.
Подробнее
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и скачайте рецензию бесплатно.
Подробнее
Свидетельство участника экспертной комиссии
Стать экспертом и скачать свидетельство бесплатно.
Подробнее
Помощь